23.07.2014, 19:36 3160

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы ІІМ-нің Алқа мәжілісіне қатысты

Алқа мәжілісінде ішкі істер органдарының Президент Н.Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы, сонымен қатар ішкі істер органдарындағы кадр жұмысы, тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері талқыланды.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласында Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаровтың қатысуымен ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың төрағалығымен ІІМ кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті, - деп ведомстводан хабарлады.

Алқа мәжілісінде ішкі істер органдарының Президент Н.Назарбаевтың тапсырмаларын іске асыру, 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы, сонымен қатар ішкі істер органдарындағы кадр жұмысы, тәртіп, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп пен елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтудағы үлесіне тоқтала кете, Елбасының ішкі істер органдарының алдына қойған негізгі мақсаттары мен тапсырмаларын атап өтті.

Ең бастысы, жаңа құқықтық жағдайда, яғни жаңадан қабылданған Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару мен Икімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің негізінде сапалы түрде жұмысқа дайындық, сонымен қатар қоғамдағы кез-келген құқыққа қайшы келетін әрекеттерге қарсы қоғамда нөлдік төзбеушілік қағидатын іске асыру, қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылық профилактикасының тиімді жүйесін құру.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында құқықтық тәртіпті, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуде ішкі істер органдары қызметінің деңгейін тиімді жоғарылату әрі сапалы көтеру үшін ішкі істер органдары тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны