09.07.2014, 22:54 3012

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ұлттық гвардия құрамы командасының жиынына қатысты

Бүгін Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Қ.Қожамжаров "Орталық" өңірлің командалау әскери бөлімінің базасында өткен Ұлттық гвардия құрамы командасының оқыту-әдістемелік жиынына қатысты.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Қ.Қожамжаров "Орталық" өңірлің командалау әскери бөлімінің базасында өткен Ұлттық гвардия құрамы командасының оқыту-әдістемелік жиынына қатысты.

Шара аясында Ұлттық гвардияның Искери кеңесінің отырысы өтті. Онда қызметтік-әскери жұмыстардың негізгі қорытындысы жасалып, алдағы уақытқа нақты міндеттемелер айқындалды.

Отырыста Қ.Қожамжаров қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіп сақтаудағы Ұлттық гвардияның рөліне тоқталды. Командалауға Ұлттық гвардияны бұдан ары жетілдіру тапсырмасы жүктелді.

Жиында жедел-қызметтік қабылдау аудандарындағы күш пен құзіретті тарату бойынша Ұлттық гвардия бөлімшелерінің әскери іс-қимылы көрсетіліп, парашютті-десантты және әскери сауықтыру топтарының қимылдары таныстырылды.

Жиын қорытындысы бойынша Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы "Орталық" өңірлік командалау құрамының жекелеген қимылдарына оң бағасын берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны