29.06.2007, 16:50 2861

Қауіпсіздік кеңесінің инспекциясының отырысында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жүргізілген тексерулер қорытындыланды

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің басқаруымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің инспекциясының отырысында Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жүргізілген тексерулер қорытындыланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығынан хабарлады.

"Отырыста Қорғаныс министрлігінің бірқатар құрылымдары мен бөлімдеріне жүргізілген инспекциялық тексеру қорытындысы қаралып, әскерлердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуде анықталған жекелеген кемшіліктерді жоюға жасалып жатқан шараларға баға берілді", - деп хабарлайды хатшылық. Сонымен бірге, мемлекеттік күш құрылымдарының бюджетінің орындалуы, еліміздің қорғаныс қабілетін қолдауға бөлінген қаржының мақсатты әрі дер кезінде игерілу жайы талқыланды.

"Қорғаныс және Қаржы министрліктері, Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті өкілдерінің баяндамасы тыңдалды", -деп хабарлайды хатшылық.

"Отырыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік мекемелерге әскерлердің жауынгерлік дайындығын және тиісті деңгейде жарақтануын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың дер кезінде жүзеге асырылуына қойылатын бақылауды күшейтуге, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ ішкі әскері, Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс мекемесі мен Республикалық гвардияның іс-әрекетін үйлестіру мен мекемеаралық ықпалдастығын ұйымдастыруға бағытталған тапсырмалар берілді", - деп хабарлайды хатшылық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны