27.06.2007, 18:36 3110

Қауіпсіздік кеңесінің комиссиясы жарылғыш заттардың сақталуы мен діни экстремизмге қарсы тұру мәселелерін талқылады

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. Қауіпсіздік кеңесінің ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссиясы ҚР ҰҚК басшысының төрағалық етуімен жарылғыш заттардың сақталуы мен діни экстремизмге қарсы тұру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста комиссияның өткен жылғы желтоқсан айында шаруашылық іс-қызметі барысында жарылғыш заттардың сақталуы мен діни экстремизмге қарсы тұру мәселелері бойынша өткен отырысында қабылданған шешімдердің жүзеге асырылу қорытындысы шығарылды.

"Бас прокуратура жарылғыш заттардың айналымы саласында заңды сақтау мәселелері бойынша құқықтық ережелерді пайдалану тәжірибесін зерттеді. Уәкілетті органдар мен шаруашылық субьектілерінің іс-қызметінде заңдылықты сақтау жайына тексеру жүргізілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Республика көлемінде ІІМ, ҰҚК мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бірлескен топтары жарылғыш заттардың қолды болу жолдарын анықтау үшін арнаулы шараларды жүзеге асыруда".

"Комиссия шығарған шешімдердің нәтижесінде жарылғыш заттардың ұрлану жолдарына тосқауыл қойылды. Тек 2007 -жылдың бірінші тоқсанында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде жарылғыш заттардың ұрлануына жол беретін 386 заң бұзушылықтың беті ашылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Арнаулы қызметтің хабарлауынша, "14 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 қызметкер тәртіптік жаза жүктеді". "Жалпы көлемі 200 мың теңгенің айыппұлы салынып, 11 нысанның жұмысы тоқтатылды", - деп хабарлайды мекеме.

Атап айтқанда, ҰҚК қызметкерлері ШҚО Зыряновск қаласында "Гранулит" үлгісіндегі бризантты жарылғыш зат өндіретін жасырын зертхананың іс-қызметіне тосқауыл қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны