28.02.2011, 17:43 6827

ҚазАгро бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша тексеру жүргізу бастамасын көтерді

"ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ өтініші бойынша ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі ауылшаруашылық жобаларын жүзеге асыру және Астана маңында азық-түлік аймағын құруға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық басқару холдингі" АҚ өтініші бойынша ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігі ауылшаруашылық жобаларын жүзеге асыру және Астана маңында азық-түлік аймағын құруға бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАгро" холдингінің басшылығы қаржы полициясының бірқатар қылмыстық істер қозғауын сұрап отыр. Тергеушілер кейбір фирмалар мен тұтынушы кооперативтерінің лауазымды тұлғаларынан түсініктеме алуда. Олар ауылшаруашылық жобаларын жүзеге асыруға бөлінген ауқымды бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен назарға алынған",- деп жазған "Мегаполис" газетінің бүгінгі санында.

Естеріңізге сала кетсек, 2007 жылы елбасының бастамасымен Астана маңында азық-түлік аймағын құру жөніндегі жоба жүзеге аса бастаған болатын. Мемлекет көкөніс қоймаларын, құс фарбрикасын, сүт өнімдерін шығаратын фермалар салып, көкөніс өсіретін шаруашылық құрып, өсіп келе жатқан қала базарларын өнімдерін өткізіп тұруды міндетіне алған компанияларға несие бере бастаған болатын.

"Бағдарламаны жүзеге асыруға тек 2008 жылдың өзінде-ақ 7 млрд теңге салынған болатын. Бірақ белгілі болғандай, қаржының біраз бөлігі өз мақсатында жұмсалмаған",- атап көрсеткен баспа.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны