05.07.2012, 09:27 3092

"ҚазАгро" Индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 115 млрд теңгеден асып түсетін 59 жобаны іске асыруда

Бұл ретте, олардың жартсынан көбі іске қосылған және өздерінің өнім шығару өндірісін жолға салған, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі таңда Қазақстанды индустрияландыру картасына енгізілген еліміздің аграрлық секторындағы 59 ірі жоба "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржылай қолдауының арқасында іске асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл ретте, олардың жартсынан көбі іске қосылған және өздерінің өнім шығару өндірісін жолға салған, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚазАгроҚаржы" АҚ еліміздің ауыл шаруашылығындағы барлық басты бағыттарда ең перспективалы объектілерді тұрғызу мен модернизациялауға қаржыландырады. Иңгіме қайта өңдеу саласындағы жобалар, компанияның ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, қазіргі заман көкөніс қоймаларының, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің желісін құруға қаржыландыруы жөнінде, сонымен қатар тамшылатып суару технологияларын енгізуге байланысты жобалар жөнінде болып отыр. Өткен жылдың жазынан бастап, лизингтік компания мал бордақылау алаңдарын, етті қайта өңдеу кешендерін, асыл тұқымды шаруашылықтарды (репродукторларды) құру мен қайта құруға байланысты жобаларды қаржыландырып келеді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қаржыландыру және құрылысын тұрғызу сатысында тұрған жобаларды іске қосу ағымдағы жылға және алдымыздағы жылға көзделген. Жалпы алғанда, құрамына "ҚазАгроҚаржы" АҚ да кіретін "ҚазАгро" ұлттық холдингінің бір топ компаниялары жалпы сомасы 115 млрд. теңгеге Картадағы 86 жобаны іске асыру үстінде.

Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және астық қоймаларын тұрғызу - "ҚазАгроҚаржы" АҚ қаржыландыратын жаңа бағыттардың қатарында тұр.

Бүгінгі таңда "ҚазАгроҚаржы" қаржыландырып жатқан Индустрияландыру картасына енгізілген 59 жобаның көпшілігі Қостанай облысына (12 жоба), Оңтүстік Қазақстан облысына (7 жоба) және Павлодар облысына (7 жоба) келеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 5 жоба іске асырылуда. Ең ірі және ендігі қолданыстағы кәсіпорындардың ішінде - Ақтөбе облысындағы "Парижская Коммуна XXI" ЖШС мал шаруашылығы кешені және "IzetGreenhouse" ЖШС жылыжай кешені, Шығыс Қазақстан облысындағы СемАЗ машина жасау зауыты және "Усть-Каменогорская птицефабрика" АҚ құс фабрикасы, Қостанай облысындағы "Север-Агро Н" ЖШС 2500 бас аналық ІҚМ арналған шаруашылық-репродуктор, "Сарыағаш" ЖШС тауарлы-сүт фермасы және "Каржау" ШҚ өсімдік майын өндіру зауыты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Ордабасы Кус" ЖШС күркетауық сою және етін қайта өңдеу құс кешені және "ZeroMax KZ" ЖШС жылыжайға арналған жиынтықтаушы бөлшектер өндіру зауыты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны