20.07.2026, 10:53 24891

KazAID Тәжікстан мемлекеттік қызметкерлеріне цифрландыру бойынша оқыту бағдарламасын өткізеді

KazAID Тәжікстан мемлекеттік қызметкерлеріне цифрландыру бойынша оқыту бағдарламасын өткізеді
20-29 шілде аралығында "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Тәжікстанның мемлекеттік қызметшілеріне арналған "Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың негіздері" атты оқыту тренингін өткізеді.

Тренингке Тәжікстаннан 15 мемлекеттік қызметші қатысуда. Қазақстандық мамандар қатысушыларды мемлекеттік басқаруды цифрландырудағы отандық тәжірибемен таныстырып, мемлекеттік секторға цифрлық шешімдерді енгізудің үздік тәжірибелері туралы баяндайды.


Оқу бағдарламасы Тәжікстан Республикасы президентінің Атқарушы аппараты жанындағы Цифрлық негіздер жобаларын іске асыру орталығымен бірлесіп, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны