12.07.2017, 16:30 4403

"Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымыныӊ түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдыӊ қыркүйегінде басталады

Мен үшін бұндай жобаны түсіру үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Сондықтан да, "Қазақ хандығы. Алтын тақ" деген шартты атаумен сериалдыӊ екінші маусымын қолға алғанымыз туралы қуана хабарлаймыз, - деді режиссер.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында орналасқан "Қазақ хандығы" көп сериалы тарихи туындысыныӊ түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған "Сығанақ қаласы" декорациясында режиссер Рүстем Ибдіраштыӊ "Алмас қылыш" фильмініӊ DVD дискісініӊ тұсаукесері өтті. Қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тілінде субтитрлары бар бұл дискініӊ тұсаукесер рәсімін Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы, "CentauRus Rustem Abdrashev production" және "Меломан" компаниялары ұйымдастырып отыр.

Естеріӊізге сала кетсек, Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына орай түсірілген "Қазақ хандығы" киносериалыныӊ кинонұсқасы - "Алмас қылыш" фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және "CentauRus Rustem Abdrashev production" ЖШС-ніӊ қатысуымен жарыққа шыққан. Бұл ауқымды жобаныӊ идея авторы ҚР Президенті Н.И.Назарбаев. Фильмніӊ сценарийі Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ негізінде жазылған.

"Алмас қылыш" фильмініӊ тұсаукесері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арнайы Астана және Алматы қалаларында өткен болатын. 2017 жылы 5 қаӊтарда жалпыұлттық прокатқа шыққан аталмыш толықметражды көркем фильм, қазақстандық прокатта 72 млн. астам қаржы жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыӊнан астам сеанс, оныӊ 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Ал он сериалы "Қазақ хандығы" тарихи кинотуынды наурыз айында "31 арнадан" көрсетілген болатын.

"Алмас қылыш" фильмі DVD дискісініӊ тұсаукесер рәсіміне қатысқандар: фильмніӊ режиссері, Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Рүстем Ибдіраш, картинаныӊ Бас продюсері Арман Исенов, "Қазақфильм" киностудиясы мен "Меломан" компаниясыныӊ өкілдері, сондай-ақ түсірілім тобы қатысты.

- "Алмас қылыш" фильмін көре алмай қалған және бұл фильмді қайта көргісі келетін көрермендердіӊ көптеген сұраныстары бойынша, біз "Меломан" компаниясымен бірлесе отырып осы фильмніӊ DVD дискін шығарып отырмыз. Дискіден фильмді қазақ және орыс тілдерінде, сонымен қатар ағылшын тіліндегі субтитрлар арқылы көруге болады, - деді режиссер Рүстем Ибдіраш.

"Алмас қылыш" тарихи кинотуындысыныӊ DVD нұсқасын еліміздіӊ аумағында "Меломан" дүкендер желісі арқылы (Астана, Алматы, Өскемен және Шымкент қалаларында) сатып алуға болады. Бір дискініӊ бағасы - 1295 тг. Тиражы шектеулі. Сонымен қатар бұл дискіні Астана қаласында өткізілетін "Еуразия" кинофестивалі шеӊберінде сатып алуға да болады.

"Меломан" компаниясыныӊ ұлттық жобалар департаментініӊ директоры Низами Мамедов қазақтыӊ тарихынан сыр шертетін ірі тарихи киножобаныӊ DVD дискісі EXPO-2017 халықаралық көрмесі және халықаралық "Еуразия" кинофестивалі қонақтары үшін жақсы сыйлық болатынын айтты.

Одан бөлек, режиссер Рүстем Ибдіраш "Қазақ хандығы" сериалыныӊ екінші маусымыныӊ түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдыӊ қыркүйегінде басталатыны туралы айтып берді.

- Жақында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтіӊ дамуы мен рухани жаӊғыруы төӊірегінде өзекті мәселелерге тоқталып кетті. Біз - киногерлер мемлекетіміз бен ұлтымыздыӊ рухани жаӊғыруы жолында еӊбек етеміз. Мақалада айтылған аспектілердіӊ бірі - тарихқа бай өткенімізге үӊілу. Төл тарихымызды тарихшылар зерттеп қана қоймай, қалыӊ жұртшылық арасында кеӊ насихатталуы тиіс. Тарихи сериалды жарыққа шығару - тарихымызды танудағы маӊызды қадамдардыӊ бірі, - деген Рүстем Ибдіраш, аталмыш сериалдыӊ екінші маусымыныӊ дайындық кезеӊі басталғаны туралы айтты: - "Қазақ хандығы" сериалы халқымыздыӊ тарихқа деген қызығушылығын оятты. Шығармашылық топтыӊ атына көптеген алғыс хаттар келіп түсті, ғаламтор және әлеуметтік желілер арқылы жылы лебіздер алдық. Көптеген пікірталастар болды және сын да айтылды. Осы жобаныӊ жалғасы түсірілгенін біз де қарапайым көрермендер де қалап отыр. Мен үшін бұндай жобаны түсіру үлкен жауапкершілік пен мақтаныш. Сондықтан да, "Қазақ хандығы. Алтын тақ" деген шартты атаумен сериалдыӊ екінші маусымын қолға алғанымыз туралы қуана хабарлаймыз, - деді режиссер.

Көп сериалы "Қазақ хандығы" көркем фильмніӊ жалғасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілетін болады. Режиссердіӊ айтуы бойынша, екінші маусымда оқиға Жәнібек ханныӊ қайтыс болуына дейінгі аралықты қамтиды. Жаӊа маусымныӊ сценарий авторлары да бұрыӊғы сценаристер болмақ, олар: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов және Рүстем Ибдіраш. Сонымен қатар режиссер екінші маусымда негізгі актерлардан басқа тағы 5-6 кейіпкерлердіӊ қосылатынын мәлімдеді.

- Біз дайындық кезеӊге өттік. Идеби сценарийдіӊ жұмыстары аяқталуға жақын, бүгінде режиссерлық сценарийді жазуға қолға алдық, - деді режиссер.

"Қазақ хандығы. Алмас қылыш"

Фильм туралы:ХV ғасырдыӊ орта тұсы. Қара теӊіз жағалауынан Моӊғолияға дейінгі Еуразия кеӊістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардыӊ ішінен қазіргі Қазақстанныӊ аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыӊғысханныӊ немересі, Жошыныӊ үлкен ұлы Орда Еженніӊ әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердіӊ кіші тармағынан шығатын Ибілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

1460 жыл. Орда Еженніӊұпақтары- Кереймен Жәнібектіӊ айналасына біріккен ондаған мыӊ көшпенділер ақсақалдар кеӊесінде шешім қабылдап, Ибілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанныӊ шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аӊызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.

Жәнібек пен Керей Ибілқайырдыӊ хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардыӊ басшы-билері құрылтай өткізеді. Еӊ алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығыныӊ құрылғанын паш етеді.

Қоюшы режиссері: Рүстем Ибдірашов

Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Ибдірашов

Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов пен Жаннат Баймұқанованыӊ қатысуымен

Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников және Андрей Маслов.

Бас продюсері: Арман Исенов

Фильмніӊ продюсері: Іӊкәр Ибдіраш

Композиторы: Ибілқайыр Ибдіраш

Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Ибілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іӊкәр Ибдіраш, Дінмұхамед Ақымов және басқалар.

Режиссер туралы анқытама:

Рүстем Жарасханұлы Ибдіраш -режиссер, кино суретші, ҚР жастар одағы жүлдесініӊ лауреаты, "Тарлан" тәуелсіз жүлдесініӊ иегері, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі. 1970 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Н.В.Гоголь атындағы көркем сурет институтын, 1997 жылы ВГИК жанындағы Бүкілодақтық біліктілікті арттыратын институтын (Л. Шенгелайдыӊ шеберханасы, кино суретшісі мамандығы) тәмамдаған. 1971 жылы Ю.Кобринныӊ режиссерлық шеберханасында оқыған (ВИПК, Мәскеу қаласы).

Кино өнерінде алғашында "Отырардық күйреуі" фильмінде қоюшы суретшініӊ көмекшісі болып қызмет атқарды(1989-1990), кейін "Бегущая мишень", "Дикий восток" сынды фильмдерде қоюшы суретші болып жұмыс істеді. Мәскеудегі оқуын тәмамдаған соӊ "Жизнеописание юного аккордиониста" және "Голубины звонарь" фильмдерінде қоюшы суретші болды. 1997 -2001 жж. "Хабар" арнасында телевизиялық бағдарламаларда қоюшы суретші және режиссер болып жұмыс істеді. 2002 жылы "МИР" телеарнасында телевизиялық жобалардыӊ Бас продюсері қызметіне тағайындалды.

2004 жылы Рүстем Ибдіраш өзініӊ алғашқы режиссерлық жұмысы - "Қаладан келген қыз" фильмін (Жарасқан Ибдіраштыӊ поэзиясыныӊ желісі бойынша) түсіреді. Бұл фильм көптеген халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындарды иеленді.

ФИЛЬМОГРАФИЯСЫ. Фильмдердіӊ режиссері: "В том числе" (1999, деректі фильм), "Қаладан келген қыз" (2002-2004), "Құрақ көрпе" (2007), "Сталинге сыйлық" (2008), "Елбасы жолы" киноэпопеясы: "Балалық шағымныӊ аспаны" (2011), "От-өзен" және "Теміртау" (2013), "Тығырықтан жол тапқан" (2014).

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны