Система Orphus

"Қазақ хандығына 550 жыл" мерейтойлық монеталарын айналысқа шығару туралы

30.06.2015, 10:16 2458

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі 2015 жылғы 30 маусымнан бастап "Есте қалатын оқиғалар мен адамдар" монеталар сериясынан "proof" сапалы күмістен номиналдық құны 500 теӊгелік және нейзильбер қоспасынан номиналдық құны 50 теӊгелік "Қазақ хандығына 550 жыл" мерейтойлық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл мерейтойлық монеталар Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1448 қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.

"Рroof" сапалы күмістен жасалған монеталар монетаныӊ бетіне алтын жалату технологиясы пайдаланыла отырып дайындалды.

Күміс монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканыӊ және мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазбаныӊ қоршауында Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "500 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай монетаныӊ массасын білдіретін "24 g" деген жазба, оӊ жағында монета дайындалған металды және оныӊ сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазба бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыӊқы жиек жүргізілген.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) қазіргі Қазақстанныӊ алтын жалатылған картасыныӊ аясында Қазақ хандығыныӊ негізін қалаған Керей мен Жәнібек ескерткішініӊ бір бөлігі бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде ұлттық ою-өрнектіӊ ішінде соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан, бейбітшілік пен еркіндіктіӊ символы ретінде ұшып бара жатқан үш көгершін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ логотипі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ" деген жазба және шығыӊқы жиек.

Монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы - 24 гр, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы - "proof", еӊ көп таралымы - 5 мыӊ дана.

Монетаныӊ бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасыныӊ елтаӊбасы бейнеленген. Елтаӊба бейнесінен оӊға қарай "ҚҰБ" аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаныӊ номиналын білдіретін "50 ТЕӉГЕ" деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оӊға қарай ұлттық ою-өрнектіӊ элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазба және шығыӊқы жиек жүргізілген.

Монетаныӊ сырт жағында (реверсінде) Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы логотипініӊ бейнесі және соғылған жылын білдіретін "2015" деген сан орналасқан.

Монеталардыӊ бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар нейзильбер қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, массасы - 11,17 гр, таралымы - 100 мыӊ дана.

Номиналдық құны 500 теӊгелік және 50 теӊгелік мерейтойлық монеталар Қазақстан Республикасыныӊ бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемніӊ барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасыныӊ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Мерейтойлық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ Қазақстан теӊге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардыӊ дизайны Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теӊгесі - ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайныныӊ тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

"Proof" сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталардыӊ алты мыӊ данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ барлық филиалдарында, "рroof" сапалы күмістен жасалған монеталарды да ҚР ҰБ www.nationalbank.kz сайтыныӊ интернет - дүкенінде "Ұлттық валюта" бөлігінде.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны