15.06.2015, 09:02 3804

Қазақ хандығыныӊ қалыптасуына әйелдердіӊ қосқан үлесін зерттеу тарихты жан-жақты ашуға мүмкіндік береді

2015 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Ибдіқалықова Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы мерейтойлық іс-шараларыныӊ аясында өткен "Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Ибдіқалықова Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы мерейтойлық іс-шараларыныӊ аясында өткен "Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Конференцияны Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырды.

Конференцияға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардыӊ, БҰҰ Даму Бағдарламасыныӊ өкілдері, жоғары оқу орындарыныӊ оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.

Гүлшара Ибдіқалықова конференцияға қатысушыларға арналған өзініӊ құттықтау сөзінде Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұӊғыш ұлттық мемлекет деген сөзін атап көрсетті.

Мемлекеттік хатшы Қазақ хандығыныӊ тарихын зерделеу "Мәӊгілік Ел" жалпыұлттық идеясын, Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды іске асыру аясында айрықша маӊызға ие екенін, өйткені отандық тарихты білу Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру негіздерініӊ бірі болып табылатынын айтты.

Г.Ибдіқалықова қазақ арулары ғасырлар бойы өзініӊ инабаттылығымен, өткір зерделілігімен, нәзік дипломаттық қасиеттерімен ерекшеленгенін атап өтті. Осыған орай, Қазақ хандығыныӊ қалыптасуы мен дамуындағы олардыӊ қосқан үлесін зерттеу төл тарихымызды тереӊ зерделеуге және орын алған лакуналарды жоюға мүмкіндік туғызады.

Конференцияға қатысушылар алдында сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасыныӊ меӊгерушісі, филология ғылымдарыныӊ докторы С.А.Қасқабасов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетініӊ профессоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы Б.Б.Кәрібаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ директоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы Х.М.Ибжанов және басқалары баяндама жасады. Олар Отанға қалтқысыз қызмет етудіӊ үлгісі және халқымыздыӊ мақтанышы болып табылатын көптеген ұмыт қалған немесе ұмыттырылған есімдерді қайта оралтуға бағытталған ғылыми зерттеулердіӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл ретте Қараша пен Айғаным ханшалардыӊ, Бопай ханым мен Бай Ананыӊ, Тойқара ханымныӊ және қазақ халқыныӊ өзге де белгілі өкілдерініӊ есімдері атап өтілді.

Конференция қорытындылары бойынша қарар қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны