23.06.2009, 11:33 1255

Қазақ- қырғыз шекарасында шекарашылар халық тұтынатын тауарлардың ірі партиясының контрабандасының жолын кесті - ҚР ҰҚК

Қазақ- қырғыз шекарасында шекарашылар халық тұтынатын тауарлардың ірі партиясының контрабандасының жолын кесті - ҚР ҰҚК

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ- қырғыз шекарасында шекарашылар халық тұтынатын тауарлардың ірі партиясының контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"23 маусымда түнгі сағат екі шамасында "Қайнар" заставасының шекарашылар жасағы "МАН" автокөлігімен Қазақстанға бет алған Қырғызстан азаматын ұстады. Бұл азамат шекараны өткелектен айналып өткен. Көліктің кузовынан шекарашылар жалпы салмағы 10 тонна болатын халық тұтынатын тауарлардың ірі партиясын тапты. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ҰҚК мәліметінше, 23 маусымда Қостанай шекара отрядының "Қайрақ авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Ресейден жеке көлігімен келе жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Ол декларацияда көрсетпей ірі көлемдегі ақша - 461 130 ресей рублін алып өтуге әрекет жасаған. Ол тексерулер үшін "Қайрақ" кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны