09.06.2009, 12:09 1289

Қазақ - қырғыз шекарасында ұсталған Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіленді

Қазақ - қырғыз шекарасында ұсталған Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіленді

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ - қырғыз шекарасында ұсталған Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "8 маусымда "Қордай" заставасының шекарашылар жасағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Қазақстанға жаяу бет алған және шекарадан өткізу бекетін айналып өткен Қырғызстан азаматын ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 1 килограмм 250 грамм героин табылып тәркіленді".

Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге "сол күні "Бейнеу т.ж." шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары Худжанд - Саратов пойызында бір вагонның тамбурынан құпия қойманы анықтады, одан шекарашылар жалпы салмағы 790 грамм гашиш салыгған капсулалары бар сұйықтық құйылған екі пластик бөтелке тапты".

"Бұл дерек бойынша Тәжікстанның бес азаматы ұсталды, дерек бойынша қазір тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны