17.01.2014, 19:39 3196

Қазақ-қырғыз шекара бұзушыларын тоқтату мақсатында аспанға ескерту оғын атуға тура келді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "өткен тәулік ішінде Қордай шекара отрядына қарасты "Сортөбе" заставасының наряды көршілес қырғыз жерінен 11 жылқыны қуалап келе жатқан бір топ шекара бұзушыларды байқап қалады. Барымташыларды тоқтатып, құжаттарын тексеруге келгенде олар қарсылық білдірді. Шекара бұзушыларды тоқтату мақсатында аспанға ескерту оғын атуға тура келді".

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақ-қырғыз шекара бұзушыларын тоқтату мақсатында аспанға ескерту оғын атуға тура келді, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "өткен тәулік ішінде Қордай шекара отрядына қарасты "Сортөбе" заставасының наряды көршілес қырғыз жерінен 11 жылқыны қуалап келе жатқан бір топ шекара бұзушыларды байқап қалады. Барымташыларды тоқтатып, құжаттарын тексеруге келгенде олар қарсылық білдірді. Шекара бұзушыларды тоқтату мақсатында аспанға ескерту оғын атуға тура келді".

"Зардап шеккен ешкім жоқ, заңсыз келе жатқан жылқылар ұсталды. Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мекеменің хабарлауынша, өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар декларацияланбаған валюта, 10 қап көлемінде балық, бір тонна сары майды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандарды ұстады.

"Қазақ-қытай шекарасынан өз бетінше кесіп өтіп келе жатқан 24 жастағы отандасымызды ұстаған "Қорғас" шекара бекетінің наряды тексеру кезінде оның 11 000 доллар декларацияланбаған қаржысы бар екендігін анықтады.

"Майқапшағай" өткізу бекетінің шекарашылары "Өскемен-Алтай" бағытындағы автобусты тексеру кезінде оның жүксалғыш бөлігінен шортан балығы салынған 10 қапшықты тапты, рұқсатсыз шекара асып бара жатқан балықтардың салмағы 1,5 центнерді құраған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Сыпатай батыр авто" шекара бекетінің бақылаушылары елімізден шығып бара жатқан, 41 жастағы қырғыз азаматының "Мерседес бенц" автокөлігін қарау кезінде оның салонына жасырылған бір тонна сары майды анықтады.

Аталған деректердің барлығы бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны