26.02.2014, 20:37 22916

Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы өткен 15 жылқының ізі Қаракемер ауылынан табылды

Тексеру нәтижесінде, аман қалған 7 бас жылқыны "Қаракемер" комендатурасына әкетуге шешім қабылданды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы өткен 15 жылқының ізі Қаракемер ауылынан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордай шекара отрядына қарасты "Сортөбе" заставасының жасағы қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жылқылардың өткенін байқайды.

Нақтырақ айтқанда, әскери кезекшілік кезінде қазақстандық сарбаздар шекарадағы инженерлік қоршаудың бұзылғандығын, сол арқылы бірнеше жылқының көрші елден бері қарай өткен іздерін анықтайды.

Шұғыл түрде із кесу жұмыстары ұйымдастырылады, нәтижесінде әлгі іздер Каракемер ауылындағы мал соятын орынға алып келеді. Із бойынша санағанда жылқылардың 15 бас екендігі анықталды.

Малды қайтару кезінде жергілікті тұрғындар (100 шақты адам) қарсылық көрсетіп, жылқыларды соя бастайды.

Құқық қорғау органдарына хабар беріледі. Аталған орынға Қордай ауданының прокуроры келеді.

Істің ақ-қарасын анықтау үшін Шекара қызметі орталық аппаратының, прокуратураның өкілдері, Қаракемер ауылының әкімі және өздерін малдың иесі санайтын адамдармен бірге әкімдікке келіп, мал есебін жүргізетін кітапты тексерді, ал онда 2013-2014 жылдары тіпті ешқандай мал тіркелмеген болып шықты. Тексеру барысында ветеринария өкілі жалған анықтама бергендігі, тіркеу жұмыстары мал иелерінің құжаттарынсыз атүсті жүргізілгендігі анықталды.

Тексеру нәтижесінде, аман қалған 7 бас жылқыны "Қаракемер" комендатурасына әкетуге шешім қабылданды.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны