24.07.2007, 15:59 2751

Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тонна контрабандалық көкөніс тиелген екі "КамАЗ" ұсталды

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Қазақ-қырғыз шекарасында 40 тонна контрабандалық көкөніс тиелген екі "КамАЗ" ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпарат бөлімінен хабарлады.

Шекарашылардың ақпаратына сәйкес, "Қайнар" шекаралық заставасы маңында екі Қазақстан және бір Қырғызстан азаматы ұсталды. "Бұл адамдар Қырғызстаннан Қазақстанға жалпы салмағы 40 тонна контрабандалық жүк тиелген екі "КамАЗ" көлігімен Қырғызстанан Қазақстанға бет алған", - деп түсіндіреді баспасөз орталығындағылар.

Шекарашылардың мәліметінше, жалпы бір аптада мемлекеттік шекара мен шекралық тәртіпті бұзған 319 адам ұсталды. Сонымен бірге, шекарашылар түрлі тауарлардың контрабандасына қатысты 45 әрекеттің жолын кесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны