02.09.2007, 09:52 2118

Қазақ-өзбек шекарасында контрабандашыларды ұстаған кезде қазақстандық шекарашы қаза тапты

Қазақ-өзбек шекарасында контрабандашыларды ұстау сәтінде қазақстандық шекарашы қаза тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы қолбасшысының орынбасары Эдуард Росляков хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 -қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Қазақ-өзбек шекарасында контрабандашыларды ұстау сәтінде қазақстандық шекарашы қаза тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы қолбасшысының орынбасары Эдуард Росляков хабарлады.

"Өзен арқылы контрабандалық жолмен жіберілген жүк пен котрабандашыларды ұстауға әрекет жасау барысында қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов қаза тапты", - деді Э. Росляков. Оның айтуынша, 31 тамыз күні 17 сағат 30 минутта "Сарыағаш" шекаралық заставасының байланыс жөніндегі кезекшісіне шекарашылар жасағының шекара бұзушыларды ұстағаны туралы хабар келіп түскен. Ұсталғанды жеткізу үшін төрт шекарашы, соның ішінде Е. Ниязов та жіберілген.

Қайтар жолда шекарашылар Келес өзені арқылы өтуге әрекет жасап жатқан контрабандашыларды байқап қалған. Шекара бұзушыларды ұстауға шешім қабылданады. "Контарабандалық жүк пен контрабандашылардың өзі отырған қолдан жасалған жүзу құралын тоқтатуға талпынған Ерлан Ниязов алғашқылардың бірі болып өзенге секірген. Өзеннің орта тұсында әлгілердің арасында айқас болады. Соның салдарынан шекарашы суға батып кеткен", - деді Э. Росляков.

"Қатардағы жауынгер Ниязов Ерлан "Мемлекеттік шекара күзетіндегі ерлігі үшін" сыйлығына ұсынылып, көзі тірісінде қызмет еткен шекаралық заставаның мәңгілік тізіміне енгізілді", - деді қолбасшының орынбасары.

Э. Росляковтың айтуынша, бұл қазақ-өзбек шекарасында болған алғашқы осындай қайғылы оқиға.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны