14.01.2010, 18:08 2826

Қазақстан 1 тамызды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялауды ұсынады

Қазақстан 1 тамызды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялауды ұсынады

Астана. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан 1 тамызды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялауды ұсынады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы жайлы ресми сайтта орналастырылған өзінің бейнемәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ЕҚЫҰ бүгінде ештеңемен алмастырылмайтын ұйым болып табылады.

Оның тоқырауы немесе жойылып кетуі еуро-атлантикалық кеңістіктегі өте қауіпті вакуумның пайда болуына әкеліп соққан болар еді. Осы ретте, Хельсинки қорытынды актісіне қол қойылған 1 тамызды - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы күні деп жариялау туралы ұсынысты қарауды ұсынамын",- деді ол.

"Төрағалықтың басымдығына қатысты Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық үш "себеті" арасында оңтайлы тепе-теңдікті сақтауға көңіл бөлуге тырысатынын атап өткім келеді. Осындай ұстаным мәселелерді кешенді түрде көруге, қазіргі заманғы сыртқы қауіп-қатерлердің пайда болуына тиімді түрде қарсы тұрып қана қоймай, олардың пайда болу көздерін табуға да мүмкіндіктер туғызады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны