11.02.2015, 14:05 4188

Қазақстан 2014 жылды жақсы нәтижелермен аяқтады - Назарбаев

Қазақстан 2014 жылды жақсы нәтижелермен аяқтады, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтіӊ кеӊейілген отырысында

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан 2014 жылды жақсы нәтижелермен аяқтады, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтіӊ кеӊейілген отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемдегі дағдарыс пен саяси проблемаларға қарамастан біз 2014 жылды жақсы нәтижелермен аяқтадық. Үкіметке дағдарысқа қарсы мағынада шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді. Мемлекеттік басқару жүйесінде кеӊ ауқымда реформа жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді реформалау бойынша жұмыстар жалғасуы керек болатын, алайда бұл мәселеде кідірістер бар",- деді Елбасы, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Президент еске салып өткендей, елімізде өткен жылдыӊ 1 қазанынан бастап үкіметтіӊ 60 функциясы министрліктер мен әкімдіктер деӊгейіне берілді.

"Өткен жылдыӊ 11 қарашасындағы Жолдауда мен "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" жаӊа экономикалық саясатын жариялаған болатынмын. Оныӊ мақсаты заманауи инфрақұрылымды іскерлік белсенділіктіӊ арқасында арттыру", - деді Елбасы.

"Қазақстандық экономикада дағдарыс жоқ. Жаһандық дағдарыс ішкі факторларға ие", - деді Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны