10.12.2013, 18:34 3041

Қазақстан 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетикалық Хартия конференциясын басқарады

Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз Энергетикалық Хартия Келісімін ратификациялаған және қол қойған, соған сай ҚР Мұнай және газ министрлігінің 2011 жылдың мамыр айындағы ұсынысымен "KAZENERGY" қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы Энергетикалық Хартия негізгі құжаты бойынша келісім процесінің қатысушысы болып табылады.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Кипр астанасы Никосиядағы Энергетикалық Хартия Конференциясының 24-інші сессиясының басты нәтижесі Қазақстанның 2014 жылы қараша айының соңында Астанада өтетін келесі Энергетикалық Хартия Конференциясына төраға ретінде сайлануы болды, деп хабарлайды "KAZENERGY" қауымдастығының баспасөз қызметі.

"Өзінің сессиясында Энергетикалық Хартия Конференциясы Хартия Процесіне мүше мемлекеттерге үлкен саяси қызығушылық тудыратын осы ұйымға төрағалықтың жаңа жүйесін мақұлдады. 2014 жылдан бастап мемлекеттер Конференцияны кезек пен бір-бірлеп басқаратын болады. Осылайша, Қазақстан 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалғыз төрағалық ететін алғашқы мемлекет болады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз Энергетикалық Хартия Келісімін ратификациялаған және қол қойған, соған сай ҚР Мұнай және газ министрлігінің 2011 жылдың мамыр айындағы ұсынысымен "KAZENERGY" қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы Энергетикалық Хартия негізгі құжаты бойынша келісім процесінің қатысушысы болып табылады.

Хартияны жаңғырту бағытындағы процестермен байланысты мүмкіндіктер мен тапсырмалардың қиындығын ескере отырып Қазақстан алдағы жылдарға үлкен сенімділікпен қарайды. "KAZENERGY" қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов Никосиидегі баспасөз конференциясында "Қазақстан үшін төрағалық етіп отырған алғашқы ел атағын алу үлкен мақтаныш",- деді.

Қазақстан Республикасы ЭХК-ға 1995 жылы қол қойып бекітті. Аталған келісімшарттың мақсаты болып ивестициялық және энергетикалық саудамен байланысты барлық қатысушы үкіметтермен және кіші қатерге жинақтайтын міндетті энергетика саласындағы құқықтық нормаларды бірыңғай ережелерді қолдану арқылы нығайту.

Энергетикалық Хартия Хатшылығы - бұл Брюсселде жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Хатшылық Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияны қолдайды және Энергетикалық Хартия Келісімімен жүктелген міндеттердің орындалуына тиісті көмек көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны