13.12.2013, 20:52 3067

Қазақстан 2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАО-ның париждік бюросында есеп береді

Азаматтық авиация комитеті (ААК) мен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері Қазақстанда ААК-не кеңес беруші ИКАО сарапшыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде "Иуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңына 80 өзгерту енгізілді, оның 69 ұшу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. 2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАО-ның париждік бюросында Қазақстанның есеп беруі жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ККМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ИКАО-ның 2009 жылғы өткізген аудиті бойынша ескертулерді жою үшін қабылданған шаралар туралы жария етті.

Атап айтқанда министр азаматтық авиация саласында заңнаманы халықаралық стандарттарға келтіру туралы баяндады. Азаматтық авиация комитеті (ААК) мен ағымдағы жылдың қаңтар айынан бері Қазақстанда ААК-не кеңес беруші ИКАО сарапшыларының бірлескен жұмысы нәтижесінде "Иуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңына 80 өзгерту енгізілді, оның 69 ұшу қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған.

Азаматтық авиация комитетінің құрылымы да ИКАО ұсыныстарына келтірілген. Комитет толығымен авиация саласында білімі бар және айтарлықтай тәжірибесі бар мамандармен толықтырылды. Иуе компаниялар, әуе кемелер, әуежайлар, навигация объектілері, оқу орталықтары мен экипаж мүшелерінің біліктілік сапасы және инженерлер тексерісімен енді 40 кәсіпқой инспектор айналысады.

Ағымдағы жылы ИКАО сарапшыларымен бірлесіп әуе компаниялар қайта сертификаттаудан өткізілді. Нәтижесінде 6 эксплуатанттың сертификаттары және авиация жұмыстарын орындауға құқық беретін 1 куәлік қайтарылып алынды (ДЕТА, МЕГА, Евро-Азия Интернейшенл, САМАЛ, Семейавиа, Азия Континетал Эйрлайнс).

Сонымен қатар батыс елдер өндірісінен шыққан әуе кемелерінің үлесі өсті, 2009 жылдағы 23-тен 2013 жылғы 76-ға дейін. Иуе компаниялардың тұрақты ішкі сауда әуе тасымалын орындауға рұқсат беру жаңа ережелері бекітілді, стандарттар қабылданды, авиация қауіпсіздігі жөніндегі ИКАО оқу орталығы ашылды.

Министр Көлік және коммуникация министрлігі өткізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты тұрақты негізде ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропа Комиссиясының Ұшу қауіпсіздігі комитетіне және ИКАОға жіберіп тұратыны туралы айтты. Сонымен бірге, оның айтуынша, 2014 жылдың бірінші тоқсанында ИКАО-ның париждік бюросында Қазақстанның есеп беруі жоспарланған. Оның нәтижесі бойынша ИКАО валидациондық өкілдік қызметін өткізу күні белгіленеді.

ИКАО аудитімен 2009 жылы 8 сыншыл элементтер бойынша ескертулер анықталды. Атап айтқанда, ИКАО стандарттары толығымен енгізілмеген, авиация оқиғасын тергеу бойынша ИКАО талаптары ескерілмеген, авиация қызметкерлерінің жұмысын бақылау толығымен ұйымдастырылмаған, әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша және ұшудың метеорологиялық қамсыздандырылуы бойынша қадағалау болмаған. Одан басқа ИКАО талаптарына ААК құрылымы және әуе кемелерінің эксплуатанттарына бақылау жүргізу сай болмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны