20.04.2015, 21:20 3690

Қазақстан 2015 жылдыӊ жазында тағы 16 елге визасыз тәртіп енгізеді - Құрбанбаева

Қазақстан 2015 жылдыӊ жазында тағы 16 елге визасыз тәртіп енгізеді.Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кәсiпкерлер палатасы басқармасы төрағасыныӊ орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлiм еттi

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан 2015 жылдыӊ жазында тағы 16 елге визасыз тәртіп енгізеді.Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кәсiпкерлер палатасы басқармасы төрағасыныӊ орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева мәлiм еттi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Инвестициялар және даму министрлiгi және Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бұған дейiн визасыз режим енгiзiлген 10 елдi қоса алғанда, олардыӊ санын 26-ға жеткiзу мәселесiн қарастырып жатыр. Бұл қадам ЭКСПО-2017 көрмесiнде көмектеседi деген үмiттемiз", - дедi Г.Құрбанбаева, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, бұл мәселе өте маӊызды, сондықтан оныӊ шешiлуi жеделдетiлсе қажет. "Жазға қарай бiздiӊ қолымызда елiмiзге визасыз келуге мүмкiндiк беретiн жаӊа нормативтiк-құқықтық акт болады деген үмiттеміз".

"Біз Астана-инфрақұрылымныӊ жобасын құру бойынша белсенді жұмыс істеудеміз. Қонақтардыӊ келуіне ескеретін бірқатар мәселелерді мақсатқа алып отырмыз, олар ақпараттық пунктер мен автотұрақтар", - деді ҰКП басшысыныӊ орынбасары.

ҰКП басшысы атап өткендей, бүгінгі таӊда барлық туристік нысандар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдіруде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны