16.02.2015, 12:07 4163

Қазақстан 2015 жылы Еуропалық Одақпен әріптестік және ДСҰ-ға кіру жөнінде келісімге қол қояды-СІМ

Қазақстан Еуропалық Одақпен әріптестік жөнінде және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келісімдерге қол қояды, деді еліміздіӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Парламентте өткен Үкімет сағатында

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Еуропалық Одақпен әріптестік жөнінде және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келісімдерге қол қояды, деді еліміздіӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Парламентте өткен Үкімет сағатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылы Қазақстанныӊ кеӊейтілген әріптестік пен ДСҰ-ға кіру жөніндегі Еуропалық Одақпен келіссөздері аяқталды. Біз биылғы жылы осы екі мәселе де толық шешімін табады деген үміттеміз. Еуропалық Одаққа мүше 28 мемлекетпен жүргізілген көптеген бюрократиялық үдерістерден кейін біз аталған келісімге қол қойып, енді нақты іске кірісетін боламыз",-деді Е.Ыдырысов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, биылғы жылдыӊ 20-шы қаӊтары күні Еуропалық Одақпен келісімніӊ мәтіні жария етілді. "Енді Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысты да осындай жетістіктерге қол жеткіземіз деген ойдамын. ДСҰ-ныӊ біз үшін тек экономикалық қана емес саяси да маӊызы бар. Ол экономикалық қатынастардыӊ тепе-теӊдігін қамтамасыз ететін құрал іспеттес. ДСҰ арқылы біз әлемдік сауданыӊ салаланған жүйесін оныӊ стандарттары мен нормаларын және ережелерін үйренуге мүмкіндік аламыз. Біз үшін ДСҰ өрлеудіӊ алғышарты. Қазақстан қазіргі таӊда бұл мәселемен рет-ретімен айналысуда",- деп қосты министр.

Бұған қоса Еуропалық Одақпен жұмыс барысында виза мәселесін реттеу маӊызды бағыттардыӊ бірі болмақ. "Біз еліміздіӊ азаматтарыныӊ еуропалық визаларды алу кезінде үлкен қиындықтарға тап болатындығыныӊ куәсі болып жүрміз. Соған қарай аталмыш мәселені ұдайы әріптестеріміздіӊ алдына қойып та отырамыз. Алдағы уақытта біз бұл мәселе бойынша жаӊа еуропалық комиссиямен жүйелі жұмыс жүргіземіз деген ойдамын",- деп нақтылады сөзін сыртқы істер ведомствосыныӊ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны