09.02.2017, 20:03 5153

Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деӊгейде өткізді - Нұрсұлтан Назарбаев

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданыӊ ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді.

- Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деӊгейде өткізді. Бұл жарыста біздіӊ спортшыларымыз өздерініӊ шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелеӊ ұрпаққа үлгі бола білді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

- Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудыӊ, жас дарындарды қолдаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны