28.09.2016, 13:32 3873

Қазақстан 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізуді жоспарлауда

2017 жылдыӊ қаӊтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан 48 мемлекетке визасыз тәртіп енгізуді жоспарлауда, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек мәлім етті.

"Туризмніӊ дамуы шкі туризмніӊ өсуіне ықпал ететіндей туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес жүруде. Өткен жылдыӊ баламалы кезеӊімен салыстырғанда биылғы жарты жылдықта өсім 6% құрады. Бұрынғыдай Бурабай, Алматы, Алакөл және Бұқтырма халық көп баратын негізгі бағыт ретінде қалып отыр. 2017 жылдыӊ қаӊтарынан бастап экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері мен 14 экономикалық дамыған және саяси тұрақты мемлекеттер үшін визасыз тәртіп енгізіледі (барлығы 48 мемлекет)", - деді Ж.Қасымбек.

Министр айтқандай, Ресей, Түркия, Италия, Германия Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиядан келетін қонақтар саны артып отыр.

""Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маӊыздағы 8 автожолға қайта жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде. (Батыс Еуропа - Батыс Қытай, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Астана-Павлодар-Семей, Бейнеу-Ақтау, Қапшағай-Талдықорған, Көкшетау-Петропавл, Орал-Каменка және Ақтөбе-Атырау). Қайта жаӊғырту жұмыстарына 1,7 мыӊ шақырым жол қамтылды. 2016 жылы 800 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарлануда. Биылғы жылдыӊ 8 айында жылдық жоспардағы жолды қайта жаӊғырту жұмыстарыныӊ 70% орындалды. Учаскелерде 415 шақырымға асфальтті және цемент бетонды жабындар төселді. (3 млн. тонна қиыршық тас, 250 мыӊ тонна цемент, 125 мыӊ тонна битум пайдаланылды. Бұлар отандық өнімдер. Бұл жұмыстарға 75 мыӊ адам, 30 мердігер ұйым жұмылдырылды. Олардыӊ 20-сы отандық компания)", - деді ол.

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теӊгеніӊ өнімін өндірген, деп ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек мәлім етті.

"Индустриалды саясатты жүзеге асырудыӊ нәтижесінде өӊдеу секторы тұрақтанды және даму деӊгейінде қалады. 2015 жылдыӊ қортындысы бойынша өӊдеу секторыныӊ өсімі 100,2% құрады. Аталмыш тенденция биыл да сақталып, 8 айдағы көрсеткіш 100,7% құрап отыр. Индустрияландыру бағдарламасыныӊ негізгі басым салаларыныӊ арқасында өсім артты. (қара және түсті металлургия, химиялық өнеркәсіп)", - дді министр.

Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан кезден бастап енген жобалар жалпы сомасы 7 трлн. теӊгеніӊ өнімін өндірген. Ал, 2016 жылдыӊ 8 айында 1,3 трлн. теӊгеніӊ өнімі шығарылған. Картаға енгізілген жобалар ай сайын 160 млрд. теӊгеден асатам соманыӊ өнімін өндіреді. Биылғы 8 айда іске қосылған жобалар есебінен жалпы өӊдеу өнеркәсібі көлемініӊ 17,5% шығарылды. 2010-2015 жылдары іске қосылған жобалар бойынша экспорттық өнім көлемі 1,5 трлн. теӊгені құрады.

Жобалардыӊ 93% жеке бизнес есебінен жүзеге асырылса, жалпы сомасы 277 млрд. теӊге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды.

Негізгі капиталдыӊ инвестициялық оӊ динамикасы сақталуда. Биылғы жылдыӊ 8 айында инвестицияныӊ негізгі капиталы 4,8% өсті (4,3 трлн. теӊге - 12,6 млрд. долл.).

Биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында таза тікелей шетелдік инвестиция ағыны ұлғайып, 5,7 млрд. долларға жетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны