20.06.2012, 14:07 3481

Қазақстан 600 астам босқынды қабылдаған

Мемлекеттік жеңілдік алулары үшін Қазақстандағы босқындарға республика аумағында тұрақты тұратын тұлғалар мәртебесін беру керек, деп мәлімдеді БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының аймақтық өкілі Сабер Азам.

Алматы. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан 600 астам босқынды қабылдаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік жеңілдік алулары үшін Қазақстандағы босқындарға республика аумағында тұрақты тұратын тұлғалар мәртебесін беру керек, деп мәлімдеді БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының аймақтық өкілі Сабер Азам.

"Заңға сәйкес тұрақты тұратын тұлға мәртебесі болмағандықтан, олардың мемлекеттен әлеуметтік не қаржылық көмек алуға ешқандай құқы жоқ", деді С.Азам сәрсенбіде Алматыда баспасөз мәслихатында.

Ол атап өткендей, БҰҰ-ның 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенциясына сәйкес әр босқын сол елдің аумағында тұрақты тұратын тұлға ретінде қаралуға тиіс.

С.Азамның айтуынша, Қазақстанда қазір 600-ден аса босқын бар, оның басым бөлігі Ауғанстаннан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны