14.07.2016, 17:34 4131

Қазақстан "Адам құқықтары ғаламдық күн тәртібініӊ орталығында" БҰҰ БА пікірсайысына қатысты

Аталған форум БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясыныӊ төрағасы Могенс Люккетофттыӊ бастамасымен шақырылған үшінші қорытынды іс-шара болды. М. Люккетофт адам құқықтары саласындағы одан әрі ілгерілеуге қол жеткізуді қолдауды өзініӊ ғаламдық ұйымныӊ негізгі органындағы төрағалығыныӊ үш басым бағыттарыныӊ бірі ретінде жариялады

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 12-13 шілдеде Нью-Йорк қаласында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияныӊ хатшысы Тастемір Ибішев басқарған Қазақстан Республикасыныӊ делегациясы "БҰҰ@70 - Адам құқықтары ғаламдық күн тәртібініӊ орталығында" тақырыбындағы БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ жоғары деӊгейдегі тақырыптық пікірсайыстыӊ жұмысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған форум БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясыныӊ төрағасы Могенс Люккетофттыӊ бастамасымен шақырылған үшінші қорытынды іс-шара болды. М. Люккетофт адам құқықтары саласындағы одан әрі ілгерілеуге қол жеткізуді қолдауды өзініӊ ғаламдық ұйымныӊ негізгі органындағы төрағалығыныӊ үш басым бағыттарыныӊ бірі ретінде жариялады, деп хабарлайды mfa.gov.kz тілшісі.

Пленарлық сессияда М. Люккетофт, Ұйымныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Бельгияныӊ Патшайымы Матильда, 80-нен астам жоғары деӊгейдегі делегаттар мен азаматтық қоғам институттарыныӊ өкілдері сөз сөйледі.

Т. Ибішев өзініӊ пленарлық отырыстағы баяндамасында қатысушыларды елімізде ұлттық адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту және дамыту бойынша қабылданған шаралар, осы саладағы мемлекеттік саясаттыӊ басымдықтары туралы халықаралық қауымдастықты хабардар етті. Делегация басшысы Қазақстанныӊ 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі болып сайлануы қоғамды одан әрі демократияландыру қызметіне жаӊа серпін беруге тиісті екенін атап өтті. Ол Қазақстанныӊ БҰҰ-мен, халықаралық ұйымдармен және азаматтық сектормен ұлттық, өӊірлік және жаһандық деӊгейде адам құқықтарын сақтау және насихаттау бойынша сындарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.

Сонымен бірге, Қазақстан делегациясы мүше мемлекеттер делегацияларыныӊ, БҰҰ жүйесініӊ жоғары лауазымды тұлғаларыныӊ және құқықтарды қорғау ұйымдар мен жеке сектордыӊ қатысуымен өткен форумныӊ үш интерактивті "дөӊгелек үстелдеріне", сондай-ақ форум шеӊберіндегі бірқатар тақырыптық іс-шараларға (сайд-ивенттерге) қатысты.

Сапар барысында Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас хатшысыныӊ адам құқықтары саласындағы көмекшісі, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасыныӊ Нью-Йорктегі офисініӊ басшысы Иван Шимоновичпен кездесті. Кездесу барысында оралмандардыӊ, азаматтығы жоқ тұлғалардыӊ, босқындардыӊ, еӊбекші мигранттардыӊ, адам саудасы құрбандарыныӊ құқықтарын қорғау бойынша БҰҰ-мен бірлескен жобаларды талқылады. БҰҰ-ныӊ жоғарғы өкілі екіжақты ынтымақтастықты оӊ бағалады және оны одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.

Қазақстан делегациясыныӊ жоғары деӊгейдегі пікірталастарға белсенді қатысуы халықаралық қоғамдастыққа еліміздіӊ мықты ұстанатынын және адам құқықтарын көтермелеу және сақтау жолын қатаӊ ұстанатынын қайтадан көрсетуге мүмкіндік берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны