10.12.2013, 18:37 3053

Қазақстан адам құқын қорғау мен дамытуда Еуропа елдерінің пішіндеріне сүйенді - А.Волков

Сонымен қатар, министр орынбасары Қазақстанның қазіргі таңда адам құқын сақтауда Еуропа елдерін бағдар ретінде ұстанатынын атады.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Адам құқын сақтауда Қазақстан еуропралық талаптарға ден қоя бастады, деп мәлімдеді БҰҰ Адам құқының жалпы декларациясы Ассамблесының құрылғанына 65 жылдығы мен Халықаралық адам құқын қорғау күні аясындағы дөңгелек үстел барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

"Бүгінде Қазақстан БҰҰ адам құқы бойынша кеңесінің мүшесі бола отырып 2013-2015 жылдар аралығында адам құқының, ұлттық және жаһандық мәселелерін шешуде елеулі қызметтер атқарды. Біз БҰҰ координациялық маңызындағы адам құқы архитектурасын құру мен нығайту механизмдерінің әлеуетін аттырудамыз. Адам құқын дамыту мен қорғау әлемдік тәжірибені ескерусіз орындалмақ емес. Осыған орай Қазақстан БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі барлық бастамаларының басы-қасында болып келеді", - деді Волков.

Оның айтуынша, Қазақстан саяси дамуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені даусыз.

"Қазақстан БҰҰ институттары мен өзге де халықаралық құқық қорғау механизмдерінің тәжірибелерін қабылдай отырып демократия мен адам құқына бағытталған шараларда белсенді әріптестік танытуда. Бұл жолды біз бұрыннан ұстанып келеміз. Бұл тәуелсіздік алғашқы жылдарынан бастап басым бағытқа айналып, өміршең мақсат болды", - деді А.Волков.

Сонымен қатар, министр орынбасары Қазақстанның қазіргі таңда адам құқын сақтауда Еуропа елдерін бағдар ретінде ұстанатынын атады.

Оған дәлел 2009-2012 жылдарға арналған адам құқы саласындағы ұлттық палата жұмысы мен 2010-2020 жылдарға арналған ҚР-ның құқықтық саясат тұжырымдамасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны