Система Orphus

Қазақстан, АҚШ және Ұлыбритания әскери қызметшілері спорттыӊ 4 түрінен күш сынасты

14.04.2015, 17:36 2232

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - "Іле" оқу-жаттығу орталығыныӊ базасында өтіп жатқан "Дала қыраны - 2015" оқу-жаттығуы барысында Қазақстан, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбритания армияларыныӊ әскери қызметшілері арасында спорттық жарыстар өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жарыс спорттыӊ 4 түрінен: армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту және эстафета бойынша өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жарыстыӊ қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды Қазбриг жеӊіп алды, екінші орынды - Ұлыбритания армиясыныӊ командасы иеленсе, үшінші орынға АҚШ әскери қызметшілері табан тіреді.

Бұдан басқа армрестлингтен 1-орынды Қазбат бітімгершілік батальоныныӊ келісімшарт бойынша әскери қызметшісі сержант Н.Саябаев, 2-орынды ефрейтор А.Бекенов, 3-орынды - АҚШ армиясыныӊ әскери қызметшісі Эрик Трас иеленді.

Гір тасын (24 кг) көтеруден капитан А.Спиридонов (ҚР ҚК ҚИ Аэроұтқыр әскерлері) үздік шықты. Екінші орынды - АҚШ Қарулы Күштерініӊ өкілі, үшінші орынды - Қазбат бітімгерлік батальоныныӊ келісімшарт бойынша әскери қызметшісі аға сержант Қ.Пазылбеков алды.

Жеӊімпаздарға грамоталар, медальдар мен ауыспалы кубок табыс етілді. Наградтау рәсімін Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысыныӊ жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Руслан Мұздыбаев өткізді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны