13.09.2011, 09:09 1900

Қазақстан әлемдік нарыққа астық шығаруға 5 млрд теңге бөледі

Ресей аумағы арқылы астық тасымалдауды субсидиялауға 5 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім еткен.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан әлемдік нарыққа астық шығаруға 5 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей аумағы арқылы астық тасымалдауды субсидиялауға 5 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім еткен.

Оның атап өтуінше, Қазақстан астығын әлемдік нарыққа шығару және нан қабылдау кәсіпорындарын босату үшін 6,7 млрд. теңге бөлінеді. Сондай-ақ Үкімет резервінен солтүстіктегі нан қабылдау кәсіпорындарынан астықты басқа өңірлерге тасымалдау үшін 1,7 млрд. теңге қарастырылатындығын атап өткен Б.Жәмішев: "2,5 миллион тоннаға дейінгі көлемді астықты экспорттау кезінде Ресей Федерациясының аумағымен тасымалдауда көлік шығындарының құнын бір тоннасын 40 АҚШ доллары мөлшерінде арзандату үшін 5 млрд. теңге бөлінеді", - деді.

Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығын дамытуға 38,8 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Оның 22 млрд. теңгесі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мал шаруашылығын және ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту үшін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға жұмсалмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны