11.07.2014, 20:31 3227

Қазақстан алғашқылардың бірі болып қоныстандырудың жаңа формасын шығарды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянскийдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағында үш агломерация бар: Астанада, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Бұл құрылымдар жергілікті өзін-өзі басқаруды да, өндірісті де дамытуға үлкен серпіліс беруі тиіс, яғни агломерацияны мемлекетіміздің экономикалық дамуының шешуші элементтері деп есептеуге болады.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары "ҚазИИТУ" ғылыми-білім кешенінде өткен дөңгелек үстел барысында ел аумағында табиғи агломерацияны қалыптастыру бойынша атқарылатын жұмыстардың әрі қарайғы бағыттары мен өзекті мәселелерін талқыға салды.

Халық қалаулылары Шафхат Өтемісов, Виктор Киянский және Самиғолла Оразовтар "ҚазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің бөлімдерін аралап, шекаралық әріптестікті дамыту бағытындағы жұмыстарына оң баға берді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянскийдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан аумағында үш агломерация бар: Астанада, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Бұл құрылымдар жергілікті өзін-өзі басқаруды да, өндірісті де дамытуға үлкен серпіліс беруі тиіс, яғни агломерацияны мемлекетіміздің экономикалық дамуының шешуші элементтері деп есептеуге болады.

"Бұл жаңалықты енгізу өзге елдерде сәл ертерек басталып кеткендіктен, біз қазір арнайы мамандарды, әсіресе агломерация туралы заң қабылданып, жемісті жұмыс істеп жатқан көршілес Ресей елінен, көптеп шақыртудамыз. Бұл тәжірибені біздің өзекті мәселелерімізді шешу және болашаққа бағдар жасау жолында тиімді пайдаланамыз деген үмітіміз бар. Қазіргі таңда бұл бағытты жеделдете дамыту үшін, біз заңнамалық актілерге тиісті өзгертулер енгізуіміз керек. Агломерация кедергілерді жоюдың бір жолы болып табылады, сондықтан экономикалық нысандардың арасында қатаң шектеу болмау үшін, бірлескен кәсіпорындар құруымыз қажет деген пікірімізді білдірудеміз. Ал агломерацияны қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одақ туралы ойымызды дамытып, нығайтуға ықпал ететін болады. Олар тұрған жеріне, арадағы шекараға қарамастан, тек экономикалық мақсатта бірлесе әрекет ететін болады", - деді В.Киянский.

Сондай-ақ кездесу барысында "Нұр Отан" партиясының Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илібек Байнешев "ҚазИИТУ" ҒБК-нің бастауыш партия ұйымының мүшелеріне жаңа билеттерді және партияның Доктринасын табыс етті. Олардың қатарында ҚР ҒЗА БҚО филиалының төрағасы, "ҚазИИТУ" ҒБК-нің құрылтайшысы Ақсерік Ийтімов, "ҚазИИТУ" ҒБК ректоры Сайранбек Ахметов, жоғары білім орнынан кейінгі даярлық және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы Алмагүл Қамиева, университеттің бастауыш партия ұйымының төрайымы Аида Маратовалар болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны