09.07.2007, 13:06 2942

Қазақстан Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "ҚР үкіметі және Армения үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды.
Келісімнің ережелерінде екі жақты қарым-қатынаста халықаралық автотасымалға рұқсат алмау жүйесін енгізу және тарап-мемлекеттің аумағы арқылы транзитті өтуге, сондай-ақ, үшінші елдерге тасымал жасау қарастырылған.

Келісімге 2006-жылдың 6-қарашасында Астанада қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны