13.09.2016, 12:21 1898

Қазақстан "Армия - 2016" форумыныӊ Бас жүлдесін жеӊіп алды

Форумда Армения, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарыныӊ ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан, Беларусь және Армения Қорғаныс министрлігі "Армия - 2016" форумыныӊ Бас жүлдесін жеӊіп алса, ал "Қазақстан инжиниринг" ҰК" компаниясыныӊ тобы дипломдармен марапатталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарыныӊ қолынан марапатқа ие болды. Қазақстан форумға алғаш рет қатысқанын айта кетейік. Форумда Армения, Беларусь, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарыныӊ ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді.

Одан басқа, 13 шетел мемлекетінен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды. Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенініӊ кәсіпорындары қатысты.

Форумда еліміз алты кәсіпорынмен ұсынылды. Атап айтқанда, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС, "КАЕ" ЖШС, "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты" АҚ, "405-авиажөндеу зауыты" АҚ, сондай-ақ, "Zhasampaz" консорциумы. Компанияныӊ стендіне әскери және қос мақсатты бұйымдардыӊ 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылды.

Олардыӊ арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кеме гидравликасыныӊ толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарыныӊ нобайлары, сонымен қатар, қазақстандық өндірістіӊ дулығалары мен әскери киім-кешегі бар. "Қорғаныс министрініӊ тапсырмасы бойынша тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Сіздерге әрі қарай да сәттілік тілеймін.

Сіздерді келесі форумға қатысуға шақырамын", - деді лауреаттарға лебізін білдірген Руслан Цаликов. Алабино полигоны мен Мәскеу маӊындағы Кубинка әуеайлағында екі жыл қатарынан конгресстік-көрме орталығында 6-11 қыркүйекте өткен халықаралық әскери-техникалық форум алаӊына барлығы жарты миллионнан аса адам жиналды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны