20.03.2007, 16:21 4784

Қазақстан армиясын модернизациялау аясында жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан армиясын модернизациялау аясында еліміздің Қарулы күштерін нысанаға таңдап тиетін жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл туралы еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Армиясының қару-жарақтары мен әскери техникасын жаңалау барысында жоғары дәлдіктегі, нысанаға таңдап тиетін қаруды қолдануға назар шоғырландырылатын болады",- деді Д.Ахметов.

"Илемнің өзгерісімен бірге қару-жарақ пен әскери техниканың құрылымы да өзгеруде, соған сәйкес осындай қаруларды пайдалану идеологиясы да өзгермек",- деді министр. Оның айтуынша, "мыңдаған шаршы шақырым аумақтарға соққы беру қажет болған ірі аумақты қамтыған соғыстар идеологияға негіз болатын, осы фактор әскери доктринаның мән-мазмұнын айқындайтын уақыт келмеске кетті". "Қазір жоғары дәлдікпен тиетін қарумен нүктелі соққы беру қажет. Республиканың Қарулы күштерінде осындай қару бар",- деді Д.Ахметов. "Мәселе басқаша. Осы қару-жарақты одан әрі жетілдіру, әскерді басқару жүйесін жаңаша әскери технологиялармен жетілдіру қажет",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны