07.04.2015, 15:38 3986

Қазақстан армиясыныӊ тарихындағы еӊ ірі парадқа бір ай уақыт қалды

Ауқымды шеруге 5000-нан астам әскери қызметші, саны 220-ға жуық қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік заманауи авиациялық техника қатысатын болады.

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Дәл бір айдан соӊ Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған қазақстандық армия тарихындағы еӊ ірі әскерлер парады өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Ауқымды шеруге 5000-нан астам әскери қызметші, саны 220-ға жуық қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника, 70 бірлік заманауи авиациялық техника қатысатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мұнда ҚР Қарулы Күштерініӊ қазіргі келбетімен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы армия және қару түрлері көрсетіледі. Олар Қызыл армия киім үлгісіндегі әскери қызметшілер, санитар-нұсқаушы қыздар, 27 бірлік техника мен қару-жарақ (танк Т-34, ЗиЛ-157, ЗИС-2 және М-30 гаубицалы зеӊбірек, танымал БМ-13, РС-30 "Катюша" және "Максим" пулеметі).

Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметші қыз-келіншектері парадқа ерекше көрік береді. Парадқа қатысу үшін жалпы саны 186 қыз-келіншек іріктеліп алынды. Олардыӊ ішінде 32 адам - ҰОС уақытындағы рота құрамында тарихи бөлімде, ал ҚР ҚК барлық әскер түрлері мен тектерінен 154 әскери қызметші - қазіргі заманғы бөліміне қатысады. Біріккен рота құрамы жеке жаяу лекпен, қазақстандық әскери оқу орындарыныӊ курсанттарыныӊ соӊын ала адымдайтын болады.

Қорғаныс министрлігініӊ біріккен оркестрі мен авиа-шоу дыӊ парадтағы ерекше орнын атап өтуге болады. Искери музыканттар кеӊестік және қазақстандық сазгерлердіӊ отызға жуық танымал әуендерін орындайды, ал ұшқыштар жеке және пилотаждық топ құрамында жоғарғы пилотаж кескіндемелерін жасай отырып өз шеберліктерін көрсетеді.

Алдағы парад - ұрпақ болашағы үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен әке, ата-бабаларымызға деген құрмет, бұл бүгінгі елімізді қорғайтын қазақстандық армияныӊ қуатын көрсету.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны