08.03.2018, 18:27 5509

Қазақстан Искери-теӊіз күштерініӊ гидрографиялық қамтамасыз ету қызметіне - 10 жыл

Ақтауда 29011 әскери бөлімініӊ базасында әскери теӊізшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Искери-теӊіз күштерініӊ құрамында гидрографиялық қамтамасыз ету қызметініӊ құрылуыныӊ 10 жылдығын атап өтті

Астана. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Ақтауда 29011 әскери бөлімініӊ базасында әскери теӊізшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Искери-теӊіз күштерініӊ құрамында гидрографиялық қамтамасыз ету қызметініӊ құрылуыныӊ 10 жылдығын атап өтті.

Салтанатты шараға Қарулы Күштердіӊ ардагерлері, қоғам өкілдері, Ақтау гарнизоныныӊ әскери қызметшілері мен шақырылған меймандар қатысты.

ҚР Искери-теӊіз күштері гидрографиялық қамтамасыз ету қызметініӊ негізгі мақсаты Каспий теӊізініӊ қазақстандық секторында теӊізде жүзу және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін навигациялық жабдықтыӊ құралдарын дұрыс қолдану және пайдалану болып табылады. Қызметтіӊ әскери қызметшілері теӊізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде маяктардағы кезекшіліктерін лайықты түрде атқаруда.

2011 жылы гидрографиялық қамтамасыз ету жүйесінде маяктыӊ жұмыс жасау режімі туралы қызметтіӊ кезекші диспетчерін хабардар ететін қашықтықтан мониторингтеу жүйесімен жабдықталған заманауи қолшамдар орнатыла отырып, жарық беру техникалық жабдықтыӊ кешенді жаӊартылуы жүргізілді.

Бүгінде маяктар басшылыққа нақты навигациялық жағдай туралы ақпаратты уақтылы беру үшін байланыс құралдарымен жарақталған.

"10 жыл ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Маяктардыӊ барлық дерлік инфрақұрылымы көтерілді. Бізде "Жайық" гидрографиялық кемесі бар. Оныӊ көмегімен 20 мыӊнан аса теӊіз навигациялық карталары жаӊартылды. Сондай-ақ біз Каспийдіӊ солтүстік бөлігін қауіпсіз деп айта аламыз. Себебі, біз орнатқан алдын ала ескерту белгілері арқылы біз қауіпті жерлерге кез келген кеме өте алатындай етіп теӊіз жолдарын салдық. Осы үш негізгі тармақтар бойынша қойылған тапсырмалар толық көлемде орындалды. Бірақ, біз осымен тоқтап қалмаймыз. Гидрографтардыӊ жұмысы ешқашан аяқталмайды, - деді Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметініӊ бастығы 2-дәрежелі капитан Мирхат Ерзин.

Салтанатты іс-шара қорытындысы бойынша мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны