04.10.2011, 17:00 5149

Қазақстан атом энергетикасын одан әрі дамытуды қолдайды

"Атом энергиясын дамытуда алғашқы қадамдар жасаудамыз. Маусым айында Үкімет Қазақстандағы бірінші ядролық кәсіпорынның құрылысын қарастырған атом энергетикасын дамыту бағдарламасын мақұлдады... Қазақстанда атом энергиясының болашағы зор екендігіне сенімдімін", - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан атом энергетикасын одан әрі дамытуды қолдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада өтіп жатқан VI KAZENERGI Еуразиялық форумында Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов атом энергиясының даму перспективасы жайлы мәлімдеме жасады.

"Атом энергиясын дамытуда алғашқы қадамдар жасаудамыз. Маусым айында Үкімет Қазақстандағы бірінші ядролық кәсіпорынның құрылысын қарастырған атом энергетикасын дамыту бағдарламасын мақұлдады... Қазақстанда атом энергиясының болашағы зор екендігіне сенімдімін", - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Премьер-Министрдің пікірінше, "Шығыс пен Батысты байланыстырып отырған сенімді энергетикалық серіктестік ретінде Қазақстан әлемдік энергетикалық қауіпсіздікте маңызды рөл атқарады. Біз энергия ресурстарын тасымалдау бағдарларын әртараптандыруды жалғастырудамыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны