23.12.2009, 14:50 3094

Қазақстан аумағынан ұрланған 14 автокөлік Тәжікстаннан табылды

Қазақстан аумағынан ұрланған 14 автокөлік Тәжікстаннан табылды

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан аумағынан ұрланған 14 автокөлік Тәжікстаннан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитеті жедел-іздестіру шараларының барысында шетелдік қымбат көліктерді ұрлаумен айналысып келген трансұлттық қылмыстық топты анықтады.

Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан мен Тәжікстанның ішкі істер министрліктері бірлескен арнайы жедел-тергеу тобы Қазақстан аумағынан, атап айтқанда Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Атырау қалаларынан ұрланған 14 автокөлікті Тәжікстанның аумағынан тапты. Аталған көліктердің ішінде "Тойота", "Лексус", "Дженерал моторс" маркалы 9 джип көлігі мен Ресейде өндірілген 5 "Нива-Шевроле" көлігі бар.

Қазіргі таңда тексеру-тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, халықаралық келісім-шартқа сәйкес, көліктерді заңды иелеріне қайтару мәселесі шешілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны