08.11.2006, 15:17 2741

Қазақстан аумағында экономикалық қылмыс жасаған АҚШ азаматы Ресейде ұсталды

АСТАНА. 8-қараша. Kazakhstan Today. Қазақстан аумағында экономикалық қылмыс жасаған АҚШ азаматы Менахем Сайденфелд (Menachem Y. Seidenfeld) Ресейде ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Константин Скоробогатов хабарлады.

АҚШ азаматы "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қарым-қатынастар туралы" Минск конвенциясына сәйкес ұсталды",- деді прокурор.

К. Скоробогатовтың айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің қадағалаушы органдары ұсталған адамды экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады. "Айыпкер Сайденфельд 13-қарашада Қазақстанның құқық қорғау мекемелеріне табысталады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны