14.02.2007, 17:42 3014

Қазақстан аумағында ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған АҚШ азаматына айып тағылды - қаржы полициясы

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының аумағында экономикалық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке айып тағылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аға тергеуші М.Иляков Менахем Сайденфельдке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (ірі көлемдегі бөтен мүлікті талан- таражға салу) айып тағу туралы қаулы шығарды. Аталмыш қаулы бүгін танысу үшін айыпталушыға берілді",- деп хабарлайды Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот процедурасына сәйкес, құжатпен танысқан айыпталушы "тағылған айыпқа қатысты өзінің көзқарасын білдіріп ,кінәсін мойындауға немесе мойындамауға тиіс", деп түсіндірді Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметі. Заңға сәйкес, осыдан кейін төрт адвокаттың қатысуымен айыпталушыдан жауап алынады.

Бұрын хабарлағанымыздай, АҚШ азаматы Менахем Сайденфельдке Қазақстан Республикасының аумағында өте ірі көлемде ақша жымқырды деген күдік туған болатын. Қараша айының басында ол Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның тапсырысы бойынша Ресей аумағында құрықталып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны