26.03.2015, 17:46 4041

Қазақстан аусыл бойынша таза статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға өтінім берді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза ресми статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға екі өтінім берді. Қазақстандық құжаттарды қарастырғаннан кейін ХЭБ 2015 жылдыӊ мамыр айында өтетін кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасы аусыл бойынша таза мәртебесін алуы күтілуде

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза ресми статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға екі өтінім берді. Қазақстандық құжаттарды қарастырғаннан кейін ХЭБ 2015 жылдыӊ мамыр айында өтетін кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасы аусыл бойынша таза мәртебесін алуы күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл мал шаруашылығы өнімін ДСҰ және ЕО елдеріне экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Халықаралық эпизоотиялық бюроныӊ (ХЭБ) аумақтық семинарында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетініӊ төраға м.а. Е. Мадиев мәлімдеді. Аталмыш шарада қатысушылар Орталық Азия елдеріне аусылмен күресуді бақылауға арналған ұлттық бағдарламаларды әзірлеп, оны әрі қарай бекіту үшін ХЭБ-қа ұсынуда жәрдемдесу мәселелерін талқылады.

2013 жылы Қазақстан Республикасы ветеринарлық қызметініӊ даму Стратегиясы әзірленді, бұл құжат ХЭБ мақұлданып келісілді. Сондай-ақ, ХЭЮ ұсыныстары мен Стратегияға сай қолданыстағы ветпрепараттардыӊ сапасына қойылатын талаптар күшейтілді.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен Россельхознадзордан Қазақстан Республикасыныӊ аумағы аусыл бойынша таза деген қорытынды алынды. Халықаралық эпизоотиялық бюросымен белгіленген талаптарға сай қазіргі таӊда Қазақстан аумағы аусыл бойынша таза болып келеді.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан Қазақстан Республикасыныӊ аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды. Бұл қазақстандық және ресейлік қызметтердіӊ тиімді әрі өзара әрекеттесу жұмыстарыныӊ және Халықаралық эпизоотикалық бюроныӊ (ХЭБ) жәрдемдесуініӊ арқасында мүмкін болып отыр. ХЭБ-пен белгіленген өлшемдерге сай Қазақстандағы аусыл бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты.

Өткен жылы Қазақстан 11908,33 тонна ет және ет өнімін Ресей Федерациясына экспорттады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны