30.06.2011, 15:00 7945

Қазақстан азаматы өзінің жеңіл көлігімен Ресейге 20 кг героин алып өтпек болған

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, СҚО шекарашылары сәрсенбі күні жалпы салмағы 20 кг болатын героин партиясын тәркілеген. Бұл туралы 2032 ә/б командирі Талғат Мамырханов мәлім етті.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматы өзінің жеңіл көлігімен Ресейге 20 кг героин алып өтпек болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, СҚО шекарашылары сәрсенбі күні жалпы салмағы 20 кг болатын героин партиясын тәркілеген. Бұл туралы 2032 ә/б командирі Талғат Мамырханов мәлім етті.

"29-шы маусымда "Қарақоға - автомобильное" шекара бақылау бөлімшесінің жасағы Ресей Федерациясына ВМW-745 автокөлігімен бара жатқан Қазақстан азаматшасын ұстады. Ол шекара арқылы героиннің ірі партиясын алып өтпекші болған", - деді Т. Мамырханов бейсенбі күні.

Оның айтуынша, автокөлікті иісшіл иттің көмегімен тінту кезінде артқы орындықтың арқасынан 1 кг жасырынған героин пакеті табылған.

"Көлікті мұқият тексеру барысында артқы орындық пен жүк бөлігінің ортасында орналасқан құпия жәшіктен жалпы салмағы 20 кг-дай героин тәркіленген", - деді Т. Мамырханов.

Жүргізілген сараптама жүктің героин екенін анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны