23.12.2016, 20:35 4379

Қазақстан азаматтары 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды алады

МИМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаӊтардан басталады.

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыӊ енгізілуімен республиканыӊ барлық тұрғындары, баладан бастап зейнеткерге дейін, жұмыс жасайтынына немесе жасамайтындығына қарамастан, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қажетті барлық дәрігерлік көмекті алады.

Жүйені енгізу кезеӊдеріне келетін болсақ, ҚР Президенті қол қойған "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊына сәйкес келесі кезеӊдер қарастырылады:

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердіӊ, жеке кәсіпкерлердіӊ, жеке нотариустардыӊ, жеке сот орындаушыларыныӊ, адвокаттардыӊ, кәсіби медиаторлардыӊ, жеке тұлғалардыӊ аударымдары мен жарналарыныӊ Қорға төлеумерзімі басталады;

- 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды.

МИМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаӊтардан басталады. Осылайша, ҚР азаматтары мен оралмандарды МИМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2018 жылғы 1 қаӊтардан жүзеге асырылады.

Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардыӊ жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны