09.03.2010, 14:16 3090

Қазақстан азаматтарының бала асырап алу мәселесін реттеу қажет - премьер

"Парадокс жағдай: бір жағынан бізде балалар үйлері мен оларға тапсырылатын жетім балалар бар, сондай-ақ, бала асырап алғысы келетін, бірақ оған қол жеткізе алмайтын Қазақстан азаматтары көп. Соған қарамастан, шетелдіктер үшін бұл - оңай мәселе. Осындай жағдайды біз реттеуіміз керек", - деді Кәрім Мәсімов Иділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан азаматтарының бала асырап алу мәселесін реттеу қажет. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Парадокс жағдай: бір жағынан бізде балалар үйлері мен оларға тапсырылатын жетім балалар бар, сондай-ақ, бала асырап алғысы келетін, бірақ оған қол жеткізе алмайтын Қазақстан азаматтары көп. Соған қарамастан, шетелдіктер үшін бұл - оңай мәселе. Осындай жағдайды біз реттеуіміз керек", - деді Кәрім Мәсімов Иділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

"ҚР Иділет министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырма беремін, бұл мәселеге, мүмкін, жеке отырыс арнайтын шығармыз", - деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны