31.05.2010, 15:20 7825

Қазақстан Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасының мақсаты "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету тәртібін жетілдіруді көздейтін осы келісімді ратификациялау болып табылады.

Атап айтқанда, ғарыш айлағының персоналына және Байқоңыр қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді Ресейдің денсаулық сақтау ұйымдары, ал Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына - Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны