01.09.2009, 13:11 1457

Қазақстан банк қызметі және валюталық реттеу саласындағы заңнамаларды жетілдіруі қажет - Назарбаев

Қазақстан банк қызметі және валюталық реттеу саласындағы заңнамаларды жетілдіруі қажет - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан банк қызметі және валюталық реттеу саласындағы заңнамаларды жетілдіруі қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дағдарыс жалпы әлемдік деңгейдегі және біздің еліміздегі қазіргі бар қаржылық жүйелердің кемшіліктерін ашып берді. Сол себепті біз банк қызметі және валюталық реттеу және қадағалау саласындағы заңнамаларды жетілдіруіміз қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Біз қаржылық қадағалаудың рөлін айтарлықтай күшейтіп, сақтандыру саласындағы заңнаманы өзгертіп, бюджеттік заңнаманың тиімділігін көтеруіміз қажет. Жалпы алғанда еліміздің қаржылық жүйесі экономиканы әртараптандыруға, инновациялық өнеркәсіптік өсімге жұмыс істеуге тиіс", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны