08.06.2009, 18:21 3210

Қазақстан банктері 1 мамырдағы жағдаймен өздерінің сыртқы қарыздары бойынша 690 млрд теңге төледі - мемлекет басшысы

Қазақстан банктері 1 мамырдағы жағдаймен өздерінің сыртқы қарыздары бойынша 690 млрд теңге төледі - мемлекет басшысы

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан банктері 1 мамырдағы жағдаймен өздерінің сыртқы қарыздары бойынша 690 млрд теңге төледі. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"1 мамырдағы жағдаймен Қазақстан банктері 690 млрд теңге көлемінде сыртқа қарыздарын қайтарды", - деді президент.

Елбасының айтуынша, "жылдың аяғына дейін банктер өз күшімен тағы да 900 млрд теңге төлеп, одан әрі жұмыс істей береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны