12.04.2017, 17:14 4517

Қазақстан Бас прокуратурасы мен БҰҰ арасында меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Жақып Асанов Австрияға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Жақып Асанов БҰҰ Бас Хатшысыныӊ орынбасары Юрий Федотовпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Жақып Асанов Австрияға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Құқық қорғау органдары академиясы ректорыныӊ міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров болды,- деп хабарлайды Бас прокуратураныӊ жанындағы Құқық қорғау органдары академиясыныӊ баспасөз қызметі.

Сапар барысында Жақып Асанов БҰҰ Бас Хатшысыныӊ орынбасары Юрий Федотовпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ю. Федотов жасалып отырған келісімніӊ маӊызына ерекше мән беріп: "Бұл біз үшін маӊызды оқиға. Себебі ол Орталық Азия өӊірі елдеріне экстремизм мен терроризмнен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықтан туындайтын әлемдік қауіптермен күресте, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауда өзініӊ күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Біз Қазақстанға қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз, осы бағытта бірігіп жұмыс жасайтын боламыз", - деп атап өтті.

Бұл құжат нені біліреді?

Қазақстан Бас прокуратурасыныӊ Құқық қорғау органдары академиясы базасында Өӊірлік Хаб құрылуда.

Бұл құқық қорғау және арнайы органдардыӊ қызметкерлері бес жаһандық қауіпке қарсы іс-қимылдыӊ алдыӊғы қатарлы әлемдік тәжірибесі мен озық технологияларын үйренетін Орталық Азиядағы бірыӊғай алаӊ. Олар:

1) экстремизм мен терроризм;

2) есірткі мен қарудыӊ заӊсыз айналымы;

3) адам саудасы;

4) киберқылмыстылық;

5) сыбайлас жемқорлық.

Осы бес бағыт бойынша бізге шетелдіӊ үздік оқытушылары келетін болады.

Бұдан бөлек, Өӊірлік Хабты құру Орталық Азия елдерініӊ құқық қорғау органдарымен бірлескен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Сапар барысында Бас Прокурор ЕҚЫҰ-ныӊ Бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесті.

Жақып Асанов Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ныӊ өзара әрекеттесу деӊгейін жоғары бағалады. Біздіӊ еліміз Ұйыммен халықаралық қауіпсіздікті нығайтудыӊ барлық маӊызды қырлары бойынша, еӊ алдымен, қазіргі заманғы қауіп-қатерлермен күрес саласында ынтымақтасуда, деді ол.Тараптар жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы өӊірлік хаб құру аясындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарын талқылады.

Кездесудіӊ нәтижелерін қорытындылай келе ЕҚЫҰ басшысы жобаны жылжытуға ықпал етуге дайын екенін білдірді. "Бізге зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм, есірткі бизнесі, сыбайлас жемқорлық, заӊсыз кірістерді жылыстатумен күресте күш біріктіру керек. Сондықтан Академияныӊ хаб құру бастамасы өте орынды және өзекті. Бұл идея ЕҚЫҰ тарапынан толықтай қолдау табады. Осы мақсатта біздер халықаралық сарапшылар қауымдастығыныӊ үздік тәжірибесін тартуымыз керек", деп атап көрсетті Л.Заньер.

Сондай-ақ Бас Прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академияныӊ ректоры Мартин Крёйтнермен келіссөз жүргізді. Олар екі академияныӊ алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердіӊ ортақ екенін атап өтті және өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Ж.Асанов Австрияда білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесті. Бас Прокурор институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар, прокуратураны жаӊғырту және кадрлық құрамды сапалы жаӊарту жөніндегі шаралар туралы айтып өтті және студенттердіӊ сұрақтарына жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны