30.04.2007, 17:32 6671

Қазақстан бас прокурорының орынбасары БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі бас комиссарымен кездесті

АСТАНА. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан бас прокурорының орынбасары Мерей Уәйісов БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі бас комиссары Луиза Арбурмен кездесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында тараптар еліміз бен өңірдегі адам құқықтары ахуалына қатысты ортақ мәселелерді талқылады. Мерей Уәйісов БҰҰ бас комиссарына прокуратура органдарының мемлекеттік билік жүйесіндегі орны мен ролі туралы, республиканың жоғары қадағалаушы органының құқық қорғау саласындағы іс-қызметі туралы әңгімелеп берді.

"Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ҚР Бас прокуратурасы мен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі бас комиссары басқармасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігі туралы пікірге келді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны