08.05.2009, 14:12 3743

Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда дағдарыспен ойдағыдай күресуде - Назарбаев

Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда дағдарыспен ойдағыдай күресуде. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігінде Елорданың бірқатар тұрғындарына пәтер кілтін табыс ету рәсімінде мәлімдеді. "Мен үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының орындалу барысын қадағалап отырмын, біз ақшаның мақсатты жұмсалуын тексеріп отырмыз, біз елдің мүддесіне жұмыс істеуге тиіспіз", - деді Н.Назарбаев.

Астана. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда дағдарыспен ойдағыдай күресуде. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімдігінде Елорданың бірқатар тұрғындарына пәтер кілтін табыс ету рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда дағдарыспен ойдағыдай күресіп жатыр деп ойлаймын. Мен үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының орындалу барысын қадағалап отырмын, біз ақшаның мақсатты жұмсалуын тексеріп отырмыз, біз елдің мүддесіне жұмыс істеуге тиіспіз", - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, "басқа мемлекеттер жалақы мен әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығындарды қысқартып жатқан кезде Қазақстан керісінше 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерді көтерді". "Осының бәрін сіздер сезіндіңіздер", - деді президент.

"Бұл дағдарыстың жақсы жақтары да бар - өздеріңіз көріп отырғандай, көптеген тауарлардың, соның ішінде жанар-жағармай, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдарының бағасы төмендеді, барлық әкімдер өздерінің жұмысы жаңа жұмыс орындарын құруына сәйкес бағаланатынын біліп ойланып жатыр", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, "бізге сырттан келген дағдарыс ішкі мәселелерді шешумен шұғылдануға итермеледі. Мемлекеттің осындай жағдайға деп жинақтаған ішкі резерві бүгін бізге сол мәселелерді шешуге көмек болуда", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны