08.06.2016, 16:45 4832

Қазақстан бауырлас түрік халқына және қаза болғандардыӊ отбасыларына көӊіл айтады.

Қазақстан 2016 жылғы 7 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алып, көптеген адамдар құрбан болған террористік актіні үзілді-кесілді айыптайды

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан 2016 жылғы 7 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алып, көптеген адамдар құрбан болған террористік актіні үзілді-кесілді айыптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан бауырлас түрік халқына және қаза болғандардыӊ отбасыларына көӊіл айтады.

Барша мұсылман үшін қасиетті Рамазан айында жасалған теракт террористердіӊ пасықтығы мен қатыгездігін көрсетіп, олардыӊ Исламға ешқандай қатысы жоқтығын растады.

Қазақстан терроризмніӊ өршуіне деген өзініӊ алаӊдаушылығын білдіріп, әлемдік қоғамдастықтыӊ осы зұлымдықты жою үшін тиімді ұжымдық күш жұмылдыруын құптайды. Қазақстан терроризм қауіпсіздіктіӊ жаһандық ауқымдағы қауіп-қатері екеніне сенімді.

Халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тиісті қарарларын негізге ала отырып, Қазақстан БҰҰ аясында әлемніӊ барша мемлекеттерін терроризм мен экстремизмніӊ таралуына қарсы күш біріктіруге шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны